«№102 балабақша-бөбекжайы» КМҚК
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№102 балабақша-бөбекжайы» КМҚК
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі
«№102 балабақша-бөбекжайы» КМҚК
AA+
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№102 балабақша-бөбекжайы» КМҚК

18.03.2026 күні балабақшамызда «Ұлттық киімдер күніне» орай ұлттық киімдер дефилесі өткізілді. Бұл іс-шараға барлық ортаңғы, ересек және даярлық топтары қатысты.

Іс-шараның мақсаты - балалардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, салт-дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу және эстетикалық талғамын дамыту.

Балалар ата-аналарымен бірге әртүрлі ұлттық киімдерді киіп, олардың әсемдігі мен ерекшеліктерін көрсетті. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер ұлттық мәдениетпен танысып, халықтардың салт-дәстүрлері туралы мағлұмат алды.

Әсем безендірілген киімдер, көңілді әуендер мен мерекелік көңіл-күй бұл күнді ерекше әрі есте қаларлықтай етті. Дефиле соңында барлығы номинациялармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды