Бүгін балабақшамызда «2025-2026 оқу жылының қорытындысы» тақырыбында жылдық қорытынды педагогикалық кеңес өткізілді.өткізілді. Педагогикалық кеңес «Педагогикалық кафе» стилінде ұйымдастырылып, мәзір бойынша педагогтар сөз сөйледі. Педагогикалық ұжым оқу жылы барысында атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасап, әр дағды бойынша қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы міндеттерді саралады.
Педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім сапасы, тәрбиелік жұмыстар, инновациялық әдіс-тәсілдер мен тәрбиеленушілердің жетістіктері бойынша дайындалған мониторинг нәтижелерін ұсынды. Әрбір баяндама нақты деректермен, тиімді көрсеткіштермен ерекшеленіп, жыл бойғы жүйелі еңбектің нәтижесін көрсетті.
Кеңес барысында әдіскер педагогтардың кәсіби даму деңгейіне тоқталып, әдістемелік жұмыстардың сапасына талдау жасады. Жаңашыл жобалар мен тәжірибелердің тиімділігі атап өтіліп, келесі оқу жылына арналған маңызды бағыттар белгіленді.
Балабақша директоры ұжымның бірлескен еңбегіне жоғары баға беріп, оқу жылының табысты аяқталғанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, білім мен тәрбие сапасын арттырудағы жауапкершілік пен кәсіби шеберліктің маңыздылығына тоқталды.
Медицина қызметкері балалардың денсаулығын сақтау, қауіпсіз орта қалыптастыру және санитарлық талаптардың орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндап, салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызын айтты.
Қорытынды педагогикалық кеңес өзара тәжірибе алмасуға, жетістіктерді саралауға және жаңа оқу жылына нақты мақсаттар қоюға мүмкіндік берген мазмұнды әрі нәтижелі жиын болды.
Педагогикалық кеңес
01.04.2026 ж. «Құзыреттілікке бағытталған оқыту: топтағы ұйымдастырылған жұмыстар мен заманауи тәсілдер» тақырыбында №3 педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес барысында педагогтар өз топтарында жүргізілген жұмыстармен бөлісіп, құзыреттілікке бағытталған оқытуды жүзеге асыру жолдарын көрсетті.Әр топта балалардың жас ерекшеліктеріне сай дамытушы орталықтар ұйымдастырылғаны айтылды. Атап айтқанда: тіл дамыту, математика, шығармашылық, құрылыс, зерттеу және рөлдік ойын орталықтары. Бұл орталықтар арқылы балалардың танымдық белсенділігі, шығармашылық қабілеті және өз бетінше әрекет ету дағдылары дамытылуда.Педагогтар заманауи әдіс-тәсілдерді (ойын арқылы оқыту, зерттеу, жобалық жұмыс, топтық және жеке жұмыс түрлері) тиімді қолданатынын атап өтті. Сонымен қатар, балалардың қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар пайдаланылатыны көрсетілді.Кеңес қорытындысында тәжірибе алмасу жүзеге асып, педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған ұсыныстар берілді.
