20.03.2026 ж. «Ұлттық спорт күніне» орай балабақшамызда педагогтар арасында ұлттық спорттық ойындардан ерекше сайыс ұйымдастырылды. Бұл шара – тек жарыс қана емес, ата-бабамыздан қалған асыл мұраны жаңғыртып, ұлттық рухты көтеруге бағытталған маңызды бастама болды.
Сайыс барысында қатысушылар тартысу, асық ату сияқты ұлттық ойын түрлерінен өзара бақ сынасты. Әрбір ойын ерекше қызығушылықпен өтіп, педагогтарымыз шапшаңдық, ептілік, төзімділік пен ұйымшылдықтың жоғары үлгісін көрсетті.
Шара барысында көтеріңкі көңіл күй мен достық атмосфера орнап, әріптестер арасында ынтымақтастық пен бірлік нығая түсті. Ұлттық ойындар арқылы халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрі кеңінен насихатталып, жас ұрпаққа үлгі боларлықтай тағылымды іс-шараға айналды.
