30.04.2026ж. балабақшамызда ата-аналарға арналған «Ашық есік күні» іс-шарасының 2-бөлімі өтті. Шара барысында ата-аналар балалардың күнделікті іс-әрекеттерімен танысып, түрлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысты. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты. Ата-аналар балабақша директорымен бірге балабақша ішіне экскурсия жасап шықты. Ата-аналар мен педагогтар арасында жылы қарым-қатынас орнап, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, «Мақта қыз бен мысық» қойылымын тамашалап, ерекше әсерде болды.. Шара соңында ата-аналар өздерінің жылы лебіздерін, ыстық ықыластарын, алғыстарын білдірді.
