Бүгін балабақшамызда әкелер мектебі жұмысының аясында, 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай «Шебер әке мен еңбекқор бала» тақырыбында ерекше байқау өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және бірлескен еңбекке баулу болды.
Байқау барысында қатысушылар түрлі қызықты әрі көңілді ойындарға қатысты. Әкелер шеге қағып, өз шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, әскерде болған кезеңдерін еске түсіретін тапсырмалар орындалып, бұл сәттер ерекше әсерге бөледі.
Балалар мен әкелер бірігіп, үй тапсырмасы ретінде дайындап келген қолөнер жұмыстарын қорғап, өз туындыларын таныстырды. Әр жұмыс ерекше идеямен, ықыласпен жасалғаны байқалды.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар марапатталып, сыйлықтар табысталды. Бұл күн әке мен бала үшін ұмытылмас, жылы естелікке толы мерекеге айналды.
