22.05.2026 «Айгөлек» тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі өтті. Бүлдіршіндеріміздің өміріндегі ең ерекше де әсерлі сәттердің бірі. Кеше ғана кішкентай болып келген балаларымыз бүгін қанаттарын кеңге жайып, мектепке қадам басуға дайын. Әр балаға жарқын болашақ, сәттілік пен биік белестер тілейміз! Балалықтың тәтті естеліктері жүректерінде мәңгі сақталсын! “Айгөлек” тобы балабақшамыздағы ең алғашқы қазақ түлектері.
