Бүгін балабақшамызда алғаш рет балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің ата-аналарына арналған алғашқы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиын барысында ата-аналарға балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісі, балалардың күн тәртібі, бейімделу кезеңі және ата-ана мен балабақша арасындағы өзара ынтымақтастық туралы маңызды ақпараттар берілді.
Жиналысқа балабақша директоры, әдіскер, медицина қызметкері және психолог қатысып, ата-аналарға өз бағыттары бойынша құнды кеңестер мен ұсыныстарын жеткізді. Әр маман баланың балабақшаға жеңіл бейімделуі, денсаулығын сақтау, психологиялық жай-күйі және ата-анамен бірлескен жұмыстың маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндірді.
Бала үшін балабақша — жаңа орта, жаңа достар, жаңа мүмкіндіктер әлемі. Ал осы жолда ата-ана мен педагогтің бірлігі — баланың бақытты бейімделуінің басты негізі.
Алғашқы қадамымыз сәтті, жаңа оқу жылымыз берекелі болсын!
Балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастық нығая берсін! Бүлдіршіндеріміздің әр күні қуанышқа, қызықты ойынға және жарқын жетістіктерге толы болсын!
