Балабақшамыздың топтарында жаңа оқу жылына арналған алғашқы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі тақырыбы – «Бала тәрбиесі – ортақ міндет».
Кездесу барысында тәрбиешілер ата-аналарды жаңа оқу жылындағы топтың жұмыс жоспарымен, күн тәртібімен және тәрбиелік бағыттарымен таныстырды. Баланың балабақшадағы бейімделуі, қауіпсіздігі, денсаулығы мен жан-жақты дамуына байланысты маңызды мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, бала тәрбиесінде балабақша мен отбасы арасындағы тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.
Жиналыс соңында ата-аналар мен тәрбиешілер балаға қолайлы орта қалыптастырып, оның тәрбиесі мен дамуына бірлесе үлес қосу – баршамызға ортақ міндет екендігін атап өтті.
Бала тәрбиесі – отбасы мен балабақшаның бірлескен еңбегінің нәтижесі!
