Акцияның басты мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және отбасылық оқу мәдениетін дамыту.
Ата-аналарымыз акцияға белсенді қатысып, балаларға арналған жаңа және жақсы сақталған кітаптарды топтардың кітап бұрыштарына тарту етті.
Әрбір сыйланған кітап – бала қиялына жол ашатын, білімге бастайтын құнды сыйлық!
Акцияға атсалысқан барша ата-аналарымызға шын жүректен алғыс білдіреміз!

