Комиссия құрамындағы екі ата-ана ас блогына барып, дайындалған тағамдардың сапасымен, ас мәзірімен және тағамдардың берілуімен танысты. Сонымен қатар тағамдардың дәмін татып, балалардың тамақтану сапасын тексерді. Медбикемен бірге тағамдардың сапасы мен санитарлық талаптардың сақталуына назар аударылды.
