Бүгін балабақшамызда “Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жағымсыз мінез-құлқымен жұмыс: жедел араласу әдістері мен алдын алу стратегиялары” атты педагог-психолог мамандарының қатысуымен қалалық семинар-практикумы өткізілді. Семинар барысында педагог-психолог Рахимханова Ш.Т. және Гейгер Е.П. жетекшілік етіп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылармен әр түрлі ойын-жаттығулары жүргізіліп, тәжірибе алмасу жүзеге асты.

