«№102 балабақша-бөбекжайы» КМҚК
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№102 балабақша-бөбекжайы» КМҚК
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі
«№102 балабақша-бөбекжайы» КМҚК
AA+
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№102 балабақша-бөбекжайы» КМҚК

Бүгін балабақшамызда «Күні бойы ойын технологияларын қолдану» тақырыбында республикалық біліктілік арттыру курсы тыңдаушыларына арналған тәжірибелік алаңы өтті. Тәжірибе алаңында ШҚО ББ «ÖRKEN» өңірлік әдістемелік орталығының әдіскері Кырыкбаева Айгуль Кадылбековна бүгінгі тәжірибе алаңының мақсат-міндеттерімен таныстырды. Әрі қарай іс-шара тәрбиеленушілеріміздің ән, би шашуымен ашылды. Іс-шара барысында ойын технологияларын білім беру үдерісінде тиімді қолдану, цифрлық және STEAM технологияларының мүмкіндіктері, ата-анамен бірлескен ойындар ұйымдастыру жолдары шеберлік сыныптары ретінде көрсетілді. Қатысушылар ашық ұйымдастырылған іс-әрекет фрагменттерін  тамашалап, балабақшаның дамыту орталықтары мен кабинеттерінің жұмысымен танысты. Тәжірибелік алаң соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кері байланыс жасады.