Балабақшамызда «Кішкентай тәртіп сақшылары әкелерімен бірге» атты фотокөрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – әке мен бала арасындағы сыйластықты нығайтып, балаларға тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын насихаттау. Фотокөрмеге тәрбиеленушілер өз әкелерімен бірге түскен ерекше сәттерін ұсынып, отбасылық жылулық пен әке тәрбиесінің маңызын көрсетті. Балалар әкелерін мақтанышпен таныстырып, олардың еңбегі мен қамқорлығы туралы әңгімеледі.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер тәртіп сақшыларының қоғамдағы рөлі туралы түсініктерін кеңейтіп, батылдыққа, елін қорғауға деген қызығушылықтарын арттырды. Фотокөрме барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, отбасы құндылықтарын дәріптеген әсерлі шараға айналды.

