16.03.2026 жылы балабақшамызда «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күні» өткізілді. Бұл шараға «Жұлдыздар» және «Семицветики» ортаңғы топтарының тәрбиешілері, тәрбиеленушілері және ата-аналары қатысты.
«Жұлдыздар» тобы қазақ халқының «Қыз балаға арналған рәсімдерін», атап айтқанда құлақ тесу, шашбау тағу салт-дәстүрлерін көрсетті.
«Семицветики» тобы «Шілдехана» рәсімін, баланың туылғаннан бастап, азан шақырып ат қойылуын, бесікке бөлеуді және бесікк салу салт-дәстүрлерін нақты көрсетті.
Қонаққа әжелеріміз келіп, сабау биін билетіп, шашу шашып, мерекемен құттықтады.
