Бүгін балабақшамызда ересек және мектепалды топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен Республика күніне орай «Мен Отаныммен мақтанамын!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның құрметті қонағы — саяхатшы балаларға қызықты саяхат ұйымдастырып, түрлі ойындар мен интеллектуалды тапсырмалар арқылы олардың білімдерін сынады. Балалар Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласы, туған жеріміз, кең байтақ еліміз бен оның рәміздері туралы білімдерін ортаға салып, өздерінің тапқырлықтары мен зеректіктерін көрсетті.
Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер Отанға арналған әндер шырқап, патриоттық тақпақтар айтып, әсем билерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әрбір өнер көрсетілімінен балалардың туған еліне деген сүйіспеншілігі мен мақтанышы сезілді.
Отанды сүю — туған жерді құрметтеуден, ел тарихын білуден және Қазақстанның болашағына сеніммен қараудан басталады!
