Ата-аналар мен педагогтар үшін ерекше көңілді кеш!
Балабақшамыздың мерейтойлық апталығы жалғасуда. Бүгін кіші және ортаңғы топ ата-аналары мен педагогтарға арналған «Ойна Шоу» қызықты ойын бағдарламасын арнайы шақырттық!
Көңілді ойындар, қызықты тапсырмалар, көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас сәттер барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады!
Бірге ойнап, бірге күліп, мерекелік көңіл-күйді бірге бөлістік!

