«№102 балабақша-бөбекжайы» КМҚК
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№102 балабақша-бөбекжайы» КМҚК
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі
«№102 балабақша-бөбекжайы» КМҚК
AA+
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№102 балабақша-бөбекжайы» КМҚК

09.10.2026 жылы балабақшамыздың 40 жылдық мерейтойы аясында «Ойын феномені: баланың дамуының жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.

Ерекше форматта өткен семинар қонақтарды әуежайдағыдай жылы қарсы алудан басталды. Стюардессалар мен пилоттардың рөліндегі қызметкерлеріміз қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерейтойлық рейстің шымылдығын ашты. Әрбір қонақ осы ерекше сапардың құрметті жолаушысына айналды!

Семинарға Өскемен қаласы білім бөлімінің басшысы Думанғазы Семейғазыұлы бастаған құрметті қонақтар, Баян Кабиденовна, Тоғжан Қуатқызы, балабақша басшылары, ардагер педагогтер, бұрынғы қызметкерлеріміз және өзге балабақшалардан келген 20 педагог қатысты.

Семинар барысында педагогтер тәжірибе алмасып, мазмұнды баяндамалар тыңдалып, шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Қонақтар балабақшамыздың заманауи білім беру орталықтарын аралап, балалардың жан-жақты дамуына бағытталған жұмыстармен танысты. Ойын арқылы оқыту, зерттеу әрекеті мен инновациялық технологиялардың мүмкіндіктері кеңінен көрсетілді.

Семинардың сәнін келтірген ерекше мюзикл, шығармашылық қойылымдар мен тосынсыйларға толы бағдарлама қонақтарға ұмытылмас әсер сыйлады.