15 мамыр — Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай балабақша топтарында түрлі тәрбиелік және танымдық іс-әрекеттер ұйымдастырылды. Балалар отбасы құндылықтары туралы әңгімелесіп, ата-анаға деген сүйіспеншілік пен құрметті насихаттайтын ойындар мен шығармашылық жұмыстарға қатысты.
Іс-әрекеттің мақсаты — отбасылық құндылықтарды нығайту, ата-анаға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру және балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

