Балабақшамызда «Рәміздерім – мақтанышым» тақырыбында тәрбиелік іс-шаралар өткізілді. Іс-шара барысында балалар мемлекеттік рәміздермен танысып, олардың маңызы туралы мағлұмат алды. Тәрбиеленушілер Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін білдірді. Сонымен қатар рәміздерді құрметтеуге тәрбиеленді.
