12.08.2026 жылы №102 балабақша-бөбекжайында ерекше әрі мазмұнды кездесу өтті. Балабақшамызға Балаларды ерте дамыту институтынан ҚР ОАМ Балаларды ерте дамыту институты Ақпараттандыру және қоғаммен байланыс департаментінің аға сарапшысы Үміт Томпайқызы, Мектепке дейінгі білім беру мазмұны департаментінің аға сарапшылары Рамазанова Дариға Шамилевна, Ахметова Жазира Батырбековна, сондай-ақ ШҚО ББ «Өркен» өңірлік орталығының әдіскері Қырықбаева Айгүл Қадылбековна арнайы қонақ болып келді.
Кездесу барысында мектепке дейінгі ұйымдардағы өзекті мәселелер, баланың ерте жастағы дамуы, ойын арқылы білім беру және заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бағытында құнды пікірлер айтылып, тәжірибе алмастық.
Осындай мазмұнды кездесулер кәсіби ізденісімізді арттырып, жұмысымызға жаңа серпін береді. Бала тәрбиесі мен сапалы білім беру жолындағы ортақ мақсатымыз — әр баланың жарқын болашағына сенімді қадам жасау!
