Өрт
Балабақшада өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында жоспарлы өртке қарсы оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шара барысында балалар мен қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл әрекеттері пысықталды.
Жаттығуға өрт сөндіру қызметінің мамандары келіп, қауіпсіз эвакуациялау тәртібі мен өрт кезіндегі дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, өрт сөндіру техникасы мен құрал-жабдықтарының жұмысы таныстырылды.
Оқу-жаттығу барысында ұжым мен тәрбиеленушілер белсенді қатысып, қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын жетілдірді.
