Балабақшамызда ата-аналар мен балалардың қатысуымен «Шыныққан отбасы» атты көңілді спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасылық бірлікті арттыру және спортқа деген қызығушылықты қалыптастыру.
Қатысушылар түрлі қызықты эстафеталар мен спорттық ойындарда белсенділік танытып, ептілік, шапшаңдық және ұйымшылдықтарын көрсетті. Балалар мен ата-аналар бірге өнер көрсетіп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
Спорттық сайыс достық пен бірліктің, отбасы ынтымақтастығының жарқын үлгісіне айналды!
