«Таза қала – ортақ міндетіміз» экологиялық акциясы аясында балабақшамызда сенбілік ұйымдастырылды. Қызметкерлер балабақша аумағын қоқыстан тазарту, айналаны ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты.
Біз қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлесімізді қосамыз! Өйткені таза қала – әрқайсымыздан басталады!
